9 сәуірде Алматы қаласы бойынша «Birge – taza Qazaqstan» республикалық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Сенбіліктің басты мақсаты – қаланың көркіне көрік қосу, тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсарту. Қаланың көркейуі мен дамуы үшін маңызды болып табылатын аталған шараға Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің білім алушы жастары мен оқытушы-профессорлар құрамы, қызметкерлері белсене қатысты. Университет аумағындағы оқу корпустары, студенттер үйі айналасында да тазалық жұмыстары жүргізілді. Жалпықалалық сенбілікке университет бойынша жалпы саны 200-ден аса адам қатысты. Тазалық шарасы сағат 09:00-де басталып, 12:00-ге дейін жалғасты.