Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры ҚазИТУ оқытушысы Абай атындағы ҚазҰПУ-да Түркия ғалымдардың қатысуымен семинар өткізді
15 сәуір 2022                  319057
ҚазИТУ оқытушысы Абай атындағы ҚазҰПУ-да Түркия ғалымдардың қатысуымен семинар өткізді

12 сәуір - Ғылым күні  аясында өткен іс-шараға Түркия университеттерінің оқытушылары мен магистранттары, профессор Надир Ильхан(Түркия), профессор Салахаттин Бекки (Түркия), доктор Осман Қабадайы(Түркия), доктор Е.Есбосынов (Қазақстан), доцент Руслан Арзиев (Қазақстан), профессор К. Абдрахманова , жоғары оқу орнын бітіруші курс студенттері  мен  кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Семинар барысында Ж.Ә.Түкебаева Қазақстандағы компьютерлік лингвистика және қолданбалы лингвистика, статолингвистика және компьютерлік лингвистика мамандығы бойынша студенттер контингентін қалыптастыру мәселелері туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, баяндама аясында "цифрлық талапкерден цифрлық студентке"тақырыбы қызу талқыланып, түрлі пікірлер айтылды. Жиын соңында  Абай атындағы ҚазҰПУ Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі қатысушылар мен спикерлерге алғыс білдіріп, Түркия ғалымдары мен Ж.Ә. Тукебаеваның мазмұнды баяндамасына жоғары баға берді.