31 наурызда "Есептеу техникасы, автоматтандыру және телекоммуникация" кафедрасының лекторы С.Е.Ибекеев "Өндірістік электроника" пәні бойынша, “Логикалық алгебра және логикалық элементтер ” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақта студенттер логикалық элементтерді шешу жолдарын талқылап, өз ойларын білдірді. Электронды есептеу машиналарының, цифрлы өлшеуіш аспаптарының, өндірістік автоматты қондырғылардың негізінде логикалық элементтер деп аталатын қарапайым тізбектер туралы толық ақпарат берілді. Сабақ барысында студенттің ойлау қабілетін дамытып, оқып жатқан мамандықтарына қызығушылықтарын арттыру мақсатында түрлі ойындар ұйымдастырылды. Сабақ соңында тақырып бойынша сұрақтар қойылып, оқытушы студенттерді бағалады.