Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» акциясы өткізілді
31 наурыз 2022                  318966
«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» акциясы өткізілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кеңес отырысында, сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екенін атап өткен болатын. Заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабу керек.

 

Осы тұста Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ұйымдастыруымен, «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты акциясы өткізілді. Аталмыш шараға Алматы қаласының бірнеше жоғары оқу орындары қатысып, жоғарыда көрсетілген тақырып аясында бейнежазба, қабырға газеттерін таныстырды. Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің оқытушылық-профессорлық құрамынан құралған әділ қазылар алқасы қатысушылардың жобаларына әділ баға беріп, тақырыпты ашуына байланысты «Үздік бейнежазба», «Үздік қабырға газеті» номинациясы бойынша жүлделі орындар берді. Қатарынан оқ бойы озып, топ жарған ҚазИТУ командасы «Үздік бейнежазба» номинациясының жеңімпазы атанды.

 

Шара соңында сарапшылар мүшесі Р.Д.Абилова, «Бұндай іс-шаралар жастардың болашақта сыбайлас жемқорлық сияқты кесапаттарға ұрынбаулары үшін қажет. Еліне адал қызмет етуді үйрететін патриоттық игі шаралардың басты мақсаты да сол, - деп атап өтті. Шара соңында қатысқан командалар марапатталып, көрермен пікірі тыңдалды.