Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры ҚазИТУ - инновацияның қайнар көзі
9 маусым 2022                  319070
ҚазИТУ - инновацияның қайнар көзі

Аграрлық әлемде "Жеміс-көкөніс шаруашылығы және агротопырақтану" білім беру бағдарламасы бойынша мамандар жетіспеушілігі үлкен мәселенің бірі. Қазақстан инженерлік- технологиялық университетінде осы сала бойынша  "Жеміс-көкөніс шаруашылығы" мен "Топырақтану және агрохимия" білім беру бағдарламаларының пәндері бойынша оқытады. Нәтижесінде студенттер үшін екі оқу траекториясы пайда болды: 1. "Жеміс-көкөніс шаруашылығы" 2. "Топырақтану және агрохимия".

 

"Жеміс-көкөніс және агротопырақтану" білім беру бағдарламасын құрастыру кезінде дөңгелек үстелдер өткізілді, онда Ө.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты, сондай-ақ Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ЖШС басқарма төрағаларының қатысуымен түрлі мәселелері талқыланды. Жұмыс берушілер жеміс-көкөніс шаруашылығы білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге болашақта "Топырақтану және агрохимия" білім беру бағдарламасы бойынша білім қажет деген пікір білдірді. Осыған орай біздің білім беру бағдарламамыз біріктіріліп, ғалымдар пікірін ескере отырып, "Жеміс-көкөніс шаруашылығы және агротопырақтану" деген атау алды.

 

Аталған білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттер мен магистранттар тек оқу жұмысымен ғана емес, ғылыми жұмыспен де айналысады. Университетте "экология және агроинновация" ғылыми-зерттеу орталығы, "Экология және қоршаған орта сапасын зерттеу" зертханасы жұмыс істейді. Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында "жеміс пен жүзімнің сорттарын зерттеу және селекция" бірлескен зертханасы жұмыс істейді, бұл зертханалар барлық студенттер мен магистранттар қолданысына қолжетімді. Университет инновациялық-кәсіпкерлік бағытқа ие, соңында "Жеміс-көкөніс және агротопырақтану" білім беру бағдарламасы бойынша студенттер шаруашылықтың бизнес-жоспарын құруда және шаруа шылықтың шығымдылығын болжауда түрлі дағдыларға ие болады, бұл да біздің білім беру бағдарламамыздың бірегейлігін білдіреді. Университетте білім беру бағдарламасы "Жеміс-көкөніс шаруашылығы және агротопырақтану" бойынша магистратура оқытылады.