Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры "Генетикалық түрлендірілген өнімдер және оларды Қазақстан Республикасында пайдалану перспективалары " тақырыбында ашық дәріс өтті
8 сәуір 2022                  318929
"Генетикалық түрлендірілген өнімдер және оларды Қазақстан Республикасында пайдалану перспективалары " тақырыбында ашық дәріс өтті

8 сәуірде ҚазИТУ Ғылыми кітапханасында "Технология, жабдық және стандарттау" кафедрасының профессоры М.Т. Велямов ,"Генетикалық түрлендірілген өнімдер және оларды Қазақстан Республикасында пайдалану перспективалары " тақырыбында ашық дәріс өткізді. Дәріске “Биотехнология”, “Тамақ өнімдерінің технологиясы” мамандықтарының студенттері мен кафедра оқытушылары қатысты. Ашық дәрісте генетикалық түрлендірілген өнімдердің түрлерімен, олардың Қазақстандағы пайдаланудағы перспективалары туралы айтылды. Сабақ барысында студенттер сұрақтар қойып, тақырыпқа қызығушылық танытып, белсенділік көрсетті.  Ашық  дәріс соңында оқытушылар пікір білдіріп, дәрістің жоғары деңгейде өткендігін атап өтті.