Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры "Экономика және қаржы" кафедрасының лекторы Н.М.Әбдіразақов туризм саласының сарапшысы ретінде Atameken Business Channel телеарнасына сұхбат берді
2 мамыр 2022                  319218
"Экономика және қаржы" кафедрасының лекторы Н.М.Әбдіразақов туризм саласының сарапшысы ретінде Atameken Business Channel телеарнасына сұхбат берді

ҚазИТУ "Экономика және қаржы" кафедрасы, «Туризм» білім беру бағдарламасының лекторы Әбдіразақов Нұржан Мұхтарұлы туризм саласының сарапшысы ретінде Atameken Business Channel телеарнасына сұхбат берді. «Сол жағалау» атты бағдарламада болған сұхбатта «Ресейге салынған санкциялар қазақстанның туризм нарығына қалай әсер етеді? Қазақстан сырттан келетін туристер ағынына дайын ба? Ішкі туризм қандай деңгейде?» деген сынды сұрақтарға жауап берілді. Ресей мен Украина арасындағы жағдай, солтүстіктегі көршімізге салынған санкциялар барлық салаға салқынын тигізіп жатыр. Мысалы, Euromonitor International агенттігінің болжам бойынша әлемдік туризмге 7 млрд доллар шығын келеді екен.  Қазақстан тығырыққа тіреле ме, жоқ керісінше көршімізге салынған санкциялар біздің туризм нарығына берілген мүмкіндік пе? Биыл жазда қайда және қалай тиімді демалуға болады? Осы сұрақтардың төңірегінде әріптесіміз Нұржан Мұхтарұлымен қатар, «Kazakh Tourism» ҰК АҚ баспасөз хатшысы Ернұр Кенжебеков және ҚР туристік қауымдастығы директорының орынбасары Анар Шаймаханова да біраз сөз қозғады.