Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры "Технологиялық машиналар және жабдықтар " білім беру бағдарламасы Қазақстан бойынша 17 ЖОО арасында 8 орынға ие болды
15 ақпан 2022                  319058
"Технологиялық машиналар және жабдықтар " білім беру бағдарламасы Қазақстан бойынша 17 ЖОО арасында 8 орынға ие болды

"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, төртінші жыл қатарынан қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына тәуелсіз бағалау жүргізіп келеді. Рейтинг 19 критерий бойынша өткізілді. Олардың ішінде: түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі, түлектердің орташа жалақысы, білім беру бағдарламаларын аккредиттеу, оқытушылар құрамының сапасы және білім беру бағдарламаларының өзектілігі. "Атамекен" ҚР ҰКП рейтингі бойынша Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің "Технологиялық машиналар мен жабдықтар" Білім беру бағдарламасы 17 ЖОО арасында 8-ші орынға ие болды. Білім беру бағдарламасы Жұмыспен қамтудың 88% деңгейін және 163512 орташа жалақыны көрсетті.