Главная Новости ҚазИТУ Орталық Азия университеттері Ректорларының форумына қатысты
13 мамыр 2022                  319028
ҚазИТУ Орталық Азия университеттері Ректорларының форумына қатысты

         12-13 мамыр аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Орталық Азия елдері университеттері ректорларының форумы өтті. Форум жұмысына Қазақстан Республикасы   Білім және ғылым министрі А.Аймағанбетов, Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым  вице- министрі Қ.Ерғалиев, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан жоғары оқу орындарының және халықаралық ұйымдардың 130-дан астам өкілімен қоса ,  Қазақстан инженерлік –технологиялық университеті де қатысты.

        Форумда сөз сөйлеген министр  А.Аймағанбетов барлық қатысушар мен қонақтарға жылы лебізін білдіріп, Орталық Азия университеттері арасында білім мен ғылымды дамытуға басымдылық беріп, озық бағыттар бойынша сапалы зерттеулер жүргізу қажет екендігін алға қойды.Шара барысында сөз сөйлеген Өзбекстан Республикасы жоғарғы және орта арнаулы Білім министрінің бірінші орынбасары К.Каримов,  өтіп жатқан форумның маңыздылығына тоқталды. «Орталық Азия университеттері ректорларының  форумына қатысушылардың беделді құрамы оның жоғары деңгейлі форум екендігін көрсетеді.Бұл формат университетаралық байланысты орнатып, тәжірибе алмасу алаңы ретінде сұранысқа ие болатынына сенімдіміз.Осындай іс-шаралар тиімді ықпалдастық орнатуға мүмкіндік беретін халықаралық , өңіраралық  және университетаралық  байланысты жандандыруға серпін береді»- деп пікір білдірді.

        Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті  ректоры Г.А.Сарсенбекова , аталған шараның маңыздылығына тоқталып,  Ректорлар форумының негізгі басымдығы ЖОО –лар арасындағы көпжақты байланыстарды мейілінше дамыту, сол арқылы білім мен ғылым саласының өкілдері арасында өзара түсіністік қалыптастырып, студенттер алмасу және оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамытудың жолдарын кеңейтуге жол ашылады.Өз кезегінде бұл халықаралық аренада еліміздің оң имиджін ілгерілетуге және әлемдік деңгейде ұлттық мүддені қолдауға қосымша мүмкіндіктер тудырады» - деп атап өтті.

         Пленарлық отырыста  Қырғыз Республикасы Білім және ғылым  министрі орынбасары Р.Абазбекулу, Тәжік Ұлттық университетінің ректоры   К.Хушвахтзода   ,  сондай-ақ білім саласындағы халықаралық сарапшылар баяндама жасады.

        Халықаралық шара аясында жаhандық бәсекеге қабілеттілік,  ЖОО ұжымы мен студенттердің ұтқырлығы, ЖОО цифрлық трансформациясы, Орталық Азия елдері зерттеу кеңістігінің интеграциясы тақырыбында сессия өтті. Форум жұмысының соңында 19 ЖОО арасында екіжақты маңызды бағдарламалық құжаттар мен келісімшарт жүргізілді.