Главная Новости ҚазИТУ-да Әділет департаменті өкілдерімен кездесу өтті
3 маусым 2022                  319010
ҚазИТУ-да Әділет департаменті өкілдерімен кездесу өтті

2022 жылғы 3 маусымда Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде  профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттер Әділет департаментінің өкілдерімен кездесті. Кездесуге Алматы қаласы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтарын тіркеу және  қорғау бөлімінің басшысы Еркебұлан Жетписбаев , бөлім маманы Яна Муканова, Әділет департаментінің баспасөз хатшысы Алмас Бектотаев қатысты. Кедесу барысында Еркебұлан Жетписбаев , «Зияткерлік меншік объектілерін тіркеу және қорғаудың құқықтық негіздері» тақырыбында баяндама жасап, зияткерлік меншік, авторлық құқық және сабақтас құқықтар, зияткерлік меншік саласын реттеуші нормативтік құқықтық актілердің тізбесі, авторлық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланудың ерекшеліктері туралы толық ақпарат берді.

Жиын соңы сұхбат түрінде жалғасып, қатысушылар авторлық және сабақтас құқықтар объектілерін заңсыз пайдалану кезіндегі жауапкершілік төңірегінде түрлі сұрақтарға жауап алып, Әділет департаментінің мамандары сала төңірегіндегі бірқатар мәселелерді талқылады.