Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры Студенттер үйінде "Кафедра күні" өтті
14 қыркүйек 2022                  319128
Студенттер үйінде "Кафедра күні" өтті

2022 жылдың 13 қыркүйегінде «Технология, жабдықтар және стандарттау кафедрасы»,  "Кафедра күні" салтанатты іс-шарасын өткізді. Аталған шараның мақсаты - университет пен кафедраның тарихын, жетістіктерін,  білім беру бағдарламаларының оқу траекторияларын, жалпы ун иверситет құрылымын 1 курс студенттеріне таныстыру.

Алғашқы сөз кезегін «Технология, жабдықтар және стандарттау кафедрасының»  меңгерушісі, профессор Абуова Алтынай Бурхатовна студенттерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, бәсекеге қабілетті білімді маман даярлауда кафедра ұжымы бар күш-жігерін салатынын жеткізді.

Іс-шарада студенттер университет тарихымен, кафедраның құрылымдық бөлімшелерімен және мамандықтарымен кеңінен танысты. Сонымен қатар, студенттер белсене қатысқан ойындар мен викториналар өткізілді. Жүлделі орын иеленген жеңімпаздарға сыйлықтар табыс етілді.

Келесі кезекте  "Азық-түлік өнімдерінің технологиясы" мамандығының 3-4 курс студенттері "Тамақ өндірісінің инновациялық технологиялары" атты көрме ұйымдастырды. Онда студенттер жаңа технологияларды қолдана отырып тағамдар дайындап, шеберлік-сағатын өткізді. Жиын соңы кафедраның дарынды студенттері ұйымдастырған көңілді концерттік бағдарламамен аяқталды.