Главная Кафедры Инженериядағы smart технологиялар Новости кафедры ҚазИТУ-да кафедра күні өтті
26 қыркүйек 2022                  319169
ҚазИТУ-да кафедра күні өтті

22 қыркүйекте  «Есептеу техникасы, автоматтандыру және телекоммуникация» кафедрасында кафедра күні өтті. Іс-шараға студенттер мен профессорлық –оқытушылық құрам қатысты. Бірінші  курс студенттерін кафедра оқытушыларымен таныстыра отырып, "Бағдарламалық инженерия", "Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар", "Автоматтандыру және басқару", "Электр энергетикасындағы Ақпараттық технологиялар" сынды білім беру бағдарламаларының оқыту траекторияларымен ақпараттандыру мақсатында ұйымдастырылған шараға жүзден аса білім алушы қатысты.

 

Жиынның ашылу салтанатында кафедра меңгерушісі А.Т. Бектемесов жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, кафедраның жетістіктері мен миссиясы жайында баяндады. Кафедраның профессорлары мен оқытушылары Т.М.Такабаев, С.Н.Мартынюк, Б.М.Сагитжанов бәсекеге қабілетті маман даярлауда жолында бар күш-жігерлерін салатынын жеткізді. Шара барысында Т.Такабаев деректер орталығының жүйесі туралы баяндаса,ал Түркиядан арнайы келген шетелдік оқытушы С.Мартынюк университетте деректер орталығын ашу туралы жоспарларымен бөлісті.Б.Сағитжанов өзінің робототехникадағы жетістіктері туралы, университетіміздің робототехникалық клуб жұмысымен таныстырып, студенттерді ғылымды дамытуға және ел игілігі игілігі үшін жұмыс істеуге шақырды. Жиын соңында қатысушылар алғыс білдіріп, белсенділік танысқан студенттерді алғыс хаттармен марапаттады.