Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры ҚазИТУ студенттері Алма-Арасан шатқалында Халықаралық туризм күнін атап өтті
28 қыркүйек 2022                  319131
ҚазИТУ студенттері Алма-Арасан шатқалында Халықаралық туризм күнін атап өтті

27 қыркүйекте Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің , Туризм мамандығы студенттері, Халықаралық туризм күніне орай Алма-Арасан шатқалына саяхат жасады. Табиғатты тану, сезіну, оның ерекше екенін терең түсіну мақсатында ұйымдастырылған экскурсияға 50-ден астан студент қатысты.

 Іле Алатауының шырша жамылғысымен жабылған Алма-Арасан шатқалының табиғатына тамсанған студенттер, таза ауада серуендеп, қазақтың қара домбырасымен күмбірлетіп күй тартып, қосыла ән салып көңілді демалыс ұйымдастырды. Экономика және қаржы кафедрасының оқытушысы А.Е.Жансагимова , «Табиғaтты аялау әрбір адамның абыройлы да азаматтық парызы. Табиғатты сүйе білген, оны аялай білген адамның ары да, жаны да таза болады. Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау әрбір адамның борышы»- деп пікір білдірді.

Елімізде өзіндік орны бар табиғаттың көркем жері саналатын Алма-Арасан шатқалы елдегі туризм саласының бой көтереуіне бірден-бір себепші болатыны сөзсіз!