Главная Новости Owoyinka Gbemisola Adetutu ағылшын тілі пәнінен ашық сабақ өткізді
30 Сентября 2022                  321879
Owoyinka Gbemisola Adetutu ағылшын тілі пәнінен ашық сабақ өткізді
2022 жылдың 30 қыркүйегінде "Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері" кафедрасының қауымдастырылған профессоры Owoyinka Gbemisola Adetutu "Present simple tence" тақырыбында "Ағылшын тілі" пәнінен ашық сабақ өткізді. Оқытушы Owoyinka Gbemisola Adetutu оқытылатын тақырып бойынша оқу материалын қолжетімді түрде ұсына отырып, презентацияны пайдаланды. Әдістемелік тұрғыдан, ең алдымен, сабақ студенттердің ағылшын тіліндегі ауызша сөйлеуін дамытуға және жетілдіруге бағытталған. Бұл ретте білім алушылар тыңдау, оқу және жазу дағдыларын үйренуге мүмкіндік алды. Сабақтың тақырыбын сәтті игеруге оқытушының достық атмосферасы, оқытудың интерактивті әдістері, аудиторияның қызығушылығы мен белсенді жұмысы ықпал етті. Ашық сабаққа кафедра меңгерушісі Ж.А. Тукебаева, қауымдастырылған профессор Г.Г. Цыренжапова, профессор К.К. Котошева, маман Б.А. Аширбеков қатысты.