Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры ҚазИТУ-да шағын футболдан турнир өтті
3 қазан 2022                  319110
ҚазИТУ-да шағын футболдан турнир өтті

2022 жылдың 3 қазанында ҚазИТУ футбол алаңында студенттер арасында салауатты өмір салтына, спортқа деген қызығушылықты арттыруға және спорттық ойындарды дамытуға арналған шағын футболдан жарыс өтті. Арнайы ұйымдастырылған жарысқа 1-4 курс студенттері қатысып, жүлделі орындарға ие болды. * 1 орынды "Жаңаөзен" колледж жатақханасы" (колледж) командасы иеленді. * 2 орынды "Ақтөбе" (университет) командасы иеленді. * 3 орынды "Бостон" командасы иеленді (аралас университет-колледж). Турнирге университет пен колледж студенттерінен тұратын 12 команда қатысты. Турнирді "Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері" кафедрасы мен колледждің дене шынықтыру оқытушылары ұйымдастырды. Турнир аяқталғаннан кейін жарыс жүлдегерлері ұтымды және ашық ойын көрсеткен командаларға грамоталар мен кубоктармен марапатталды. Жеңімпаздарымызға спорттық жеңістер тілейміз!