2022 жылдың 10 қазанында "Жаратылыстану-ғылыми пәндер" кафедрасының қауымдастырылған профессоры А.Е.Мельников "Қаныққан және қанықпаған көмірсутектер" тақырыбында, "Бейорганикалық, органикалық және аналитикалық химия" пәні бойынша ашық сабақ өткізді. Дәріс барысында оқытушы интерактивті тақтаны пайдалана отырып, тақырып бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесін презентация түрінде түсіндірді.
Химияның негізгі заңдылықтарын ескере отырып, аталған білім саласындағы соңғы ғылыми зерттеулер жайында баяндады. Білім алушыларға дәріс тақырыбын сәтті игеруге мұғалімнің достық атмосферасы, оқытудың интерактивті әдістері, аудиторияның қызығушылығы мен белсенді жұмысы ықпал етті. Сондай-ақ оқытушы сабақ барысындағы материалдарды еркін меңгере отырып, бар тұжырымдамаларды дәлелдеуге мысалдар келтіріп, студенттермен кері байланыс орнатты. Ашық сабаққа кафедра оқытушылары қатарынан қауымдастырылған профессор Р.Г.Кондауров, дәріскер Б. Е. Тастемирова қатысып, өзара тәжірибе алмасты.