Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры Республика күні – қоғамның жаңғыру жолы
26 қазан 2022                  319059
Республика күні – қоғамның жаңғыру жолы

 

Қазақстан Республикасы жас тәуелсіз мемлекет болып табылады. Алайда, осы кезеңде елде айтарлықтай ауқымды оң мемлекеттік өзгерістер болды.

 2022 жылдың 24 қазанында «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасының ұйымдастыруымен «Республика күні - қоғамның жаңғыру жолы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

 Дөңгелек үстел мақсаты - қоғамның рухани жаңғыру жолындағы Егемендік декларациясының маңызын талқылау, білім алушылардың бойына елге, жерге деген тәрбиелік қасиеттерді сіңіру. Кафедрамыздың профессор-оқытушылары: ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ж.А. Тукебаева., ф.ғ.д., профессор К.К. Котошева., т.ғ.к., қауым профессор С.Д. Шаймуханова және лектор А.Б. Нуртазаеваның қатысуымен Тәуелсіздіктің іргетасы саналатын Егемендік туралы декларация - қай халық үшін де құны жоғары екендігін атап кетті. Дөңгелек үстел отырысы барысында тәуелсіздік хронологиясы, саяси күштердің тәуелсіздікке әсері, қазақ қоғамындағы тіл мәселесі, ішкі саясаттағы көпдінділік пен көпұлттылық мәселелері кеңінен талқыланды. Кеш қонағы т.ғ.к., қауымдастырлыған профессор М.А. Ермаханова баяндама жасады.

Дөңгелек үстелге қатысушылар мереке тарихына тоқталды. 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің № 307-XII қаулысымен Қазақ КСР Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды. Декларация Қазақ КСР-нің егемендігін жариялады және Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздерін жариялады. Егеменді мемлекеттіліктің негізгі қағидаттары ретінде мыналар белгіленді: біртұтас мемлекет, аумақтың тұтастығы, бөлінбейтіндігі мен қол сұғылмаушылығы, қазақ халқының және Қазақстанның басқа да халықтарының өзіндік мәдениетін, дәстүрлерін, тілін жаңғырту және дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту.Кездесу барысында сол оқиғалардың хронологиясы, саяси күштердің тәуелсіздікке әсері, қазақ қоғамындағы тіл мәселесі, көпұлттылық, ішкі саясат мәселелері талқыланды.

Қазақстанның орнықты дамуын нығайту - «Мәңгілік ел» идеясының төңірегінде топтасқан барлық азаматтардың міндеті екені атап өтілді. Республиканың болашағы ұлттық рухты бойына сіңірген білімді жастардың қолында.