Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры "Атамекен" диктант байқауының жеңімпаздары марапатталды
27 қазан 2022                  319051
"Атамекен" диктант байқауының жеңімпаздары марапатталды

14 қазанда Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті 1 курс студенттері «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасы ұйымдастыруымен Республика күнін тойлауға арналған «Атамекен» атты  диктант жазу байқауына белсенді қатысты.

Студенттердің азаматтық ұстанымы мен патриотизмін, өз елінің жетістіктеріне қатысу сезімін қалыптастыру, ұрпақтар сабақтастығына, тәуелсіздік пен тағылымға негізделген өркендеген мемлекет құру мақсатында өткізілген диктант жазу байқауына 1 курстың студенттері қатысты. Диктант жазу байқауы студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды.

Атамекен деген сөздің өзі-қасиетті ұғым. Қазақ жұрты, Қазақстан елі ерекше құштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл сөз. Еліміздің туы тігілген үлкен үйіміз де, алтын әрі биік шаңырағымыз да – осында. Менің елім, менің Отаным, менің атамекенім - Қазақстан.

Байқау нәтижесінде 3 дәрежелі дипломмен –  Кулкаева К.Д., Ержігіт А.Т., 2 дәрежелі дипломмен – Тасполат Н.Б., 1 дәрежелі дипломмен – Амангелді Е.Ж., Айтмұхан А.С. студенттер марапатталды.