Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры ҚазИТУ студенттері А.Қастеев атындағы өнер музейімен танысты
1 қараша 2022                  319093
ҚазИТУ студенттері А.Қастеев атындағы өнер музейімен танысты

Мұражай – адамды өткенге немесе болашаққа апаратын, жаңа тәжірибе беретін уақыт машинасының бір түрі. Сонымен қатар, экспонаттарды көру:

* ой-өрісін кеңейтеді;

* қиялды дамытады;

* өзін-өзі көрсетудің жаңа тәсілдерін табуға көмектеседі;

Мұражайларға бару эмоционалды-танымдық белсенділікті, адамдар мен құбылыстар қоғамында өзін-өзі қабылдауды дамытады.

Мұражайлар әр түрлі болады. Мысалы, тарихтағы маңызды оқиғалар туралы мәліметтерді сақтайтын тарихи мұражай. Этнографиялық мұражай әртүрлі халықтардың салт-дәстүрлері туралы баяндайды. Онда бірегей мәдени ескерткіштер сақталған: ұлттық костюмдер, тұрмыстық керек-жарақтар, нанымдар мен фольклор және т.б. Өлкетану мұражайы туған өлкенің өткенімен таныстыра алады. Мұражай залдарын аралай жүріп, біз өткенмен танысамыз.

"Өлкетану" клубының жұмысы аясында студенттер С.Д. Шаймуханова мен А.Б.Нұртазаеваның жетекшілігімен А. Қастеев атындағы өнер мұражайына барды. Студенттер мұражай атмосферасынан ерекше әсер алды, түрлі суреттерді, мүсіндерді, өнер туындыларын, әлемге әйгілі суретшілердің шығармаларымен танысты. Студенттерге әсіресе дәстүрлі қазақ залдары ұмытылмас әсер қалдырды. Мұражай – бүкіл адамзат үшін орасан зор тарихи және мәдени маңызы бар тамаша орын. Мұражайға бару өнерге деген сүйіспеншілікті, тарихқа деген сүйіспеншілікті, ой-өрісті кеңейтеді.