Главная Новости Жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасында «Толқындық оптика негіздері» тақырыбында ашық сабақ өтті
14 қазан 2022                  319483
Жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасында «Толқындық оптика негіздері» тақырыбында ашық сабақ өтті

2022 жылы 7 қазанда ҚазИТУ-да «Жаратылыстану-ғылыми пәндер» кафедрасының  лекторы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Г.Нұрбақыт, «Толқындық оптика негіздері» тақырыбында, МО-21-1.2к, БТ-21-1к, БТ-21-1.2к, БЖ-21-1к, РЭТ-21-1к, СС-21-1к, ТПП-21-1к, БИО-21-1к, ПИ-21-1к, ПИ-21-1.3к, ИТвЭЭ-21-1к мамандықтарының студенттерімен, интерактивті тақтаны және интернет ресурстарын тиімді пайдалана отырып, ашық сабақ өткізді. Ашық сабақтың жоспарында бойынша когерент толқындар, жарық интерференциясы, интерференцины бақылау әдістері, жұқа пленкадан шағылған жарықтың интерференциясы, Ньютон сақинасы туралы білім алушыларға толыққанды ақпарат берілді.Сабақ ерекше әдістемелермен өте жоғары деңгейде өтті. Студенттер сабақ барысында белсенділік танытып, айтылған мәліметтер бойынша сұрақ-жауап айдары өтті.Алдыңғы сабақты еске түсіру және жаңа сабақты бекіту мақсатында сабақ басында және соңында барлық студенттер SCRATIVE программасын қолдану арқылы тест сұрақтарын орындады. Алған нәтижелер бірден экранда көрсетілді.