2022 жылы 11 қарашада "Есептеу техникасы, автоматтандыру және телекоммуникация" кафедрасының оқытушысы, техника ғылымдарының магистрі А.К. Нұрмағамбетова Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар білім беру бағдарламасы бойынша 3-курс студенттерінің қатысуымен "Қытай қалдықтары теоремасына негізделген RSA шифрлау алгоритміне шабуыл" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында қытайлық қалдық теоремасы арқылы RSA шифрлау алгоритмінде шабуылды зерттеу жолдары талқыланып, BCalc бағдарламасын қолдану арқылы практикалық жұмыс жүргізілді. Оқытушы топ студенттерінің білім деңгейіне сәйкес сабақ өткізіп (дифференциалды тәсіл), деңгейлік тапсырмаларды, шығармашылық жұмыстарды тыңдады. Сабақтың тақырыбын түсіндіру мақсатында түрлі танымдық ойын элементтері ұйымдастырылды.
Аталған ашық сабақтың өту барысын, оқытушының сабақ беру тәсілдерін меңгеру, тәжірибе алмасу мақсатында кафедра оқытушылары қатарынан К. А. Жолшиева қатысты.