2022 жылы 2 қарашада экономика ғылымдарының докторы «Экономика және қаржы» кафедрасының профессоры М.В. Ахмедьярова «Экономикалық теория негіздері» пәнінен «Капитал (қорлардың) айналымы және айналым» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Профессор мультимедиялық құралды қолдана отырып, капитал ұғымдарын дәлдік мысалдармен түсіндірді. Дәріске «Экономикадағы ақпараттық және инновациялық технологиялар», «Қаржы», «Есеп және аудит», «Маркетинг», «Туризм» білім беру бағдарламаларының 1 курс студенттері, жұмыс берушілер мен университеттің педагогикалық ұжым қатысты. Дәріс қызықты және жанды болды.