2022 жылы 4 қарашада «Экономика және қаржы» кафедрасының профессоры Н.И.Габдуллин «Бухгалтерлік есеп негіздері» пәнінен ашық сабақ өткізді. «Қаржылық есеп беру» тақырыбындағы лекциясында «1С: Кәсіпорын» бағдарламасының белсенді әдістерін қолдана отырып, жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның нақты құжаттарын: «Бухгалтерлік баланс», «Пайдалар мен шығындар туралы есеп», «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп», «Капитал қозғалысы туралы есеп» интерактивті панельді қолдану арқылы көрсетті. Дәріске «Есеп және аудит», білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері, жұмыс берушілер мен университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.