Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры ҚазИТУ студенттері халықаралық дәрежедегі спорт шеберімен кездесті
24 қараша 2022                  1779
ҚазИТУ студенттері халықаралық дәрежедегі спорт шеберімен кездесті

Қоян-қолтық ұрысы - бұл күшті, реакция жылдамдығын, төзімділік пен өзін-өзі тәрбиелеуді дамытатын спорт түрі. Мамандардың пікірінше, бұл жекпе-жек түрлері ішінен ең жақсысы.

2022 жылдың 15 қарашасында Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің студенттері Қазақстан Республикасының жекпе-жектен еңбек сіңірген спорт шебері Сағын Қазбекпен кездесу өткізді. Талай жүлделі орынды қанжығасы байлап, қарсыласына дес бермей келген спортшының бүгінде бағындырған белестері ауыз толтырып айтарлық. Ол  2015, 2017, 2018 жылдары панкратионнан Президент кубогінің иегері атанған,  2014 жылы Түркия қаласында өткен Панкратионнан Әлем чемпионатының чемпионы,  2017 жылы РФ Москвада өткен жекпе -жек сайысының жеңімпазы, 2018 жылы Кишиневта өткен жекпе-жек сайысының (рукопашный бой) Дүниежүзілік Кубок иегері. Қазақстанның панкратионан төрт дүркін чемпионы. Жекпе-жектен (қоян-қолтық жекпе-жек) және панкратионнан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Самбодан спорт шебері. Әмбебап жекпе-жек және қоян-қолтық жекпе-жектен спорт шебері. Осы атақтың барлығы бір адам, спорт адамы, жекпе-жекші Сағын Қазбектің еңбегі.

Кездесу барысында халықаралық дәрежедегі спорт шебері жекпе-жек саласында өзінің спортшы ретінде қалыптасуы туралы баяндап, чемпиондық жеңістері мен жеңілістері жайында айтты. Студенттер жекпе-жек түрлері, қоян-қолтық ұрыс туралы қызықты ақпарат алып, сұхбаттасу барысында  белсенділік танытты. Кездесудің модераторы қауымдастырылған профессор Естемесов Арман Заманбекұлы, «сСалауатты  өмір салтын насихаттау мен ұстану  адам өмірінде маңызды рөл атқарады, өйткені спорт ақыл-ойды ұйымдастырады және дене мен денсаулықты нығайтады», деп кездесуді түйіндеді.