Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры Республикалық философиялық форумға қатысты
30 қараша 2022                  319291
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры Республикалық философиялық форумға қатысты

 

Философия – бұл қызықты ғылыми пән ғана емес, сонымен қатар қоғамды өзгерте алатын күнделікті өмір тәжірибесі. Бізді әлемдегі әртүрлі интеллектуалды ағымдармен таныстыра отырып, философия мәдениеттер арасындағы диалогқа ықпал етеді. Ойлау мен сындарлы пікір алмасуға деген қызығушылықты ояту арқылы ол толеранттылық пен сыйластық принциптері жақсы сақталатын қоғам құруға ықпал етеді. Осылайша, философия қазіргі заманның негізгі мәселелерін түсінуге және оларға жауап беруге көмектеседі, сонымен қатар өзгерістерді жүзеге асыру үшін қажетті жағдайларды жасайды.

24 қараша  – Дүниежүзілік философия күні қарсаңында К.Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінде Дүниежүзілік философия күніне арналған республикалық форум өтті. Форум жұмысына Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті  "Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер  және әдем тілдері"  кафедрасының профессоры К.К.Котошева қатысты. Республикалық форум жұмысында атақты ғалымдар, философтар қазіргі философия ғылымының алдында тұрған сауалдар мен өзекті мәселелерді қарастыратын әртүрлі  тақырыптарда баяндама жасап, пікір алмасты.Шара соңында белсенділік танытқан қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.