Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті мен Түркия Республикасы Алааддин Кейкубат Университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
15 желтоқсан 2022                  1520
Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті мен Түркия Республикасы Алааддин Кейкубат Университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

15 қарашада Халықаралық инженерлік технологиялық университеті мен Түркия Республикасы Алания Алааддин Кейкубат Университеті өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келісімшарттың негізгі мақсаты білім беру, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет салаларындағы ынтымақтастық, университеттер арасындағы серіктестік жүйесін дамытуды қамтамасыз ету, ғылыми орталықтар, зертханалар негізінде бірлескен жобалар аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, бірлескен қос дипломдық білім беру, кәсіптік білім беру, жоғары білікті кадрларды даярлау, идеялармен, ақпаратпен және технологиялармен алмасу, сондай-ақ бірлескен тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады.  Меморандумды Алания Алааддин Кейкубат Университетінде Халықаралық қатынастар Офисінің Бас үйлестірушісі, Қауымдастырылған профессор, Доктор Мұстафа Кочанжи мырза,  Халықаралық инженерлік -технологиялық университетінің атынан арнайы өкіл ретінде «Экономика және бизнес» кафедрасының лекторы Әбдіразақов Нұржан Мұхтарұлына табыстады.

Осы меморандум арқылы Халықаралық инженерлік-технологиялық  университеті тарапынан интернационалдандыру жолында тағы бір қадам жасалды.