Главная Кафедры Инженериядағы smart технологиялар Новости кафедры МИТУ студенттеріне халықаралық үлгідегі Coursera сертификаттары табысталды
9 қаңтар 2023                  1519
МИТУ студенттеріне халықаралық үлгідегі Coursera сертификаттары табысталды

Халықаралық инженерлік-технологиялық  университетінде  биылғы оқу жылының I жартыжылдығынан  бастап студенттерді әлемнің жетекші университеттерінің оқу материалдарымен даярлау жұмысы қарқын дамуда. Шетелдік алдыңғы қатарлы университеттер, оның ішінде Pennsylvania University, University of Virginia, The University of Illinois at Urbana Champaign, The State University of New York, ESSEC Business School, University of Michigan және т.б. білім ордалары бар.

26 желтоқсанда аталған шетелдік жоғары оқу орындарының  оқу материалдары негізінде "Экономика және бизнес", "Компьютерлік, автоматтандырылған және телекоммуникациялық жүйелердің инженериясы" кафедраларының студенттеріне "No-Code Мобильді қосымшаларын әзірлеу" мен  "Басқару есебі" курстарын сәтті аяқтады.

Білім алушыларға Dreamskills және Coursera курстарынан өту туралы халықаралық үлгідегі сертификаттарды университет  ректоры  Г.Ә.Сәрсенбекова арнайы табыстап, бұл бастама Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жасалған жоба екенін атап өтті.

 

IT, Маркетинг, Қаржы, Туризм, Есеп және Аудит білім беру бағдарламалары бойынша оқытылған бұл курстардың негізгі мақсаты - шетелдік жетекші тәжірибені студенттерге үйрету. Бұл курстарды оқытуда тек теорияға ғана емес, практикаға да көп көңіл бөлінеді. Өз саласында  білікті маман болуға керекті құралдарды студент қысқа уақыттың ішінде үйреніп шығады. Мысалы, қаржы мамандығының студенттері Hardvard University–дің кейстарын шеше отырып, Microsoft Excel–ді қолдану арқылы қаржылық модельдер құрайды, қазақстандық және шетелдік компаниялардың қаржылық есептеріне түрлі анализ жасайды. Ал маркетинг мамандығының студенттері Lean Startup қағидасы бойынша компания құрып, оның маркетингтік стратегиясын жасап, түрлі фреймворктарды қолданып анализдер жасайды. Google Ads, Facebook Ads-та жарнама құрастырып, Tilda Publishing платформасында сайт жасап, оның UX/UI заңдары бойынша дизайнын жасауды үйренеді. Осыған ұқсас қолданбалы инструменттер барлық курстарда да өтіледі.

Бүгінде Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті мен Dreamskills академиясы шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, бәсекеге қабілетті сапалы маман даярлауда бірлескен жобаларды жүзеге асыруда.