Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті
2 маусым 2023                  1059
Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті

1992 жылғы маусымның 4-де Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді — бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталғаны рас. Мемлекеттік рәміздер — мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі, Тәуелсіздігінің айқын нышаны. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран мемлекеттің біртұтастығын бейнелейтін байлық.

Атаулы мереке қарсаңында, Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде  Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Рәміздер – рухымыз, арожданымыз» атты салтанатты іс-шара өтті.  Аталған жиынға «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, эдвайзерлер мен студенттер қатысты.

Шараның ашылу салтанатында университет ректоры Гүлнәр Сәрсенбекова сөз сөйлеп, айтулы шараның маңыздылығына тоқталды. «Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырамас нышандарының бірі. Биыл еліміз өркениетті елдер шоғырында еңсесін биіктетіп, көк байрағын асқақ желбіреткен Қазақстан Республикасының рәміздеріне 31 жыл толып отыр. Еліміз тұғыры биік Туымен, айбынды Елтаңбасымен, асқақ Гимнімен әлемге танылды. Желбіреген көк Ту халық арманын асқақтатып, еліміздің рухын биікке көтереді. Елтаңба – берік шаңырақ және халық татулығын дәлелдесе, ата-бабамыздың ғасырлық арманын «Менің Қазақстаным» әні жеткізеді. Бұлар – Қазақстанның жаңа тарихының қастерлі беттері», – деді ректор.

Жиын барысында Мемлекеттік рәміздердің авторлары, шығу тарихы мен қызықты деректер туралы студенттерге бейнежазба көрсетілді. Өскелең ұрпақ арасында ұлттық рухты, патриоттық сананы дамытуға бағытталған шара ұйымдастырушылары қатарынан «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Сәуле Дүйсетаева,  «Әр елдің халықтары өздерінің мемлекеттік рәміздерін мақтан тұтады. Өз елінің Елтаңбасының, Туының бейнесін  және Әнұранын біліп қана қоймай, олардың маңыздылығы мен мазмұнын білу қажет. Ол үшін олардың пайда болу тарихы туралы түсінік болу керек. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні – біздің отанымыз үшін маңызды мереке. Өзінің еліне деген сүйіспеншілікті, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, Қазақстанның болашақтағы жетістіктеріне деген сенімділік кез-келген қиындыққа қарсы тұруға мүмкіндік береді» - деп,  салтанаттыт іс-шараны қорытындылды.