Главная Новости METU university студенттері «Қарлығаш (Махаббат ескерткіші)» атты кітабының тұсаукесеріне қатысты
1 маусым 2023                  1043
METU university студенттері «Қарлығаш (Махаббат ескерткіші)» атты кітабының тұсаукесеріне қатысты

2 маусымда Халықаралық инженерлік-технологиялық университет студенттері  Алматы қаласында , Қазақстан Республикасының  Ұлттық Кітапханасында  өткен жас қаламгер Жәмиля Бақтиярқызының «Қарлығаш (Махаббат ескерткіші)» атты кітабының тұсаукесер рәсіміне қатысты.

Тұсаукесерде Қазақстанның Еңбек Ері, жазушы Дулат Исабеков, жазушы, этнограф Зейнеп Ахметова, ҚР Еңбек Ері, «Алтын жұлдыз» иегері, ұстаз Аягүл Миразова, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Марат Тоқашбаев, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, қоғам қайраткері, тіл жанашыры Асылы Осман, жазушы Марал Ысқақбай, «Қарлығаш (Махаббат ескерткіші)» атты туындының лентасын қиып, құттықтау сөзбен жылы лебіздерін білдірді.

Осы тұста, Халықаралық инженерлік – технологиялық университет ректоры Гүлнәр Әлібекқызы білім алушылардың бастамасын қолдап, "Қоғам адам бойындағы рухани құндылықты, адамгершілік, адалдық, кішіпейілділік, мәдениеттілік, еңбексүйгіштік секілді қасиеттерді жоғары бағалайдыБойынан осындай қасиет табылған адамды рухани жағынан бай адам деп есептеймін. Бұл ретте ұстаздың ең қасиетті міндеті рухани бай, жан жақты дамыған жеке, дарынды тұлғаны қалыптастыру. Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет-салты, мәдениеті, өнері және шыққан түп тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық құндылықтарды бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі білім берудегі озық ұстанымдармен байланыстыра отырып, әр студенттің қабілетін, талантын ашып, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, өзіне жол ашуына түрткі жасауымыз қажет» - деді. Аталған шараларға білім алушыларды баулып, адами құндылықты бойына сіңіру арқылы тұлға қалыптастыруды негізге қойған университет басшылығы,  Жәмиля Бахтиярқызын Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде студенттермен кездесу өткізуге арнайы шақыратындығын жеткізді.

Іс-шара соңында  Жәмиля Бахтиярқызының шығармашылығына арналған бейнероликтер мен поэтикалық композициялар да көрсетілді. Автор өз шығармашылығынан «Ұмытпа», «Аналар арманы», «Жаратушы», «Бақыт құсы» және «Ұлы дала толғауы» өлеңдерін оқып, келген қонақтарға алғысын білдірді.