Главная Новости Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті 100 білікті басшы даярлау курсын бастады
21 маусым 2023                  957
Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті 100 білікті басшы даярлау курсын бастады

2023 жылғы 21 маусымда Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (МИТУ) Жетісу, Қызылорда, Түркістан  облыстарының мектеп басшыларына арналған білім беру жүйесіндегі менеджментті арттыру бойынша біліктілікті арттыру курсы басталды.

Аталған іс-шараны Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мұғалімдердің даярлық деңгейін арттыру үшін пәрменді шаралар қабылдау және білім беру жүйесіндегі менеджментті жақсартуға басымдық беру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде өткізуде.

Бұл тұста,  ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі заманауи сапалы педагогтерді даярлау мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес құрып, педагог кадрларды сапалы даярлаудың өзекті мәселелерін шешу жолдарын талқылады. Осыған байланысты мықты басшыларды іріктеу мен даярлау бағдарламасы әзірленуде.

Мектеп басшыларына арналған «Менеджмент негіздері» біліктілікті арттыру курсының бағдарламасы жетекші шетелдік университеттердің (University of California Irvine, USA; University of Queensland, Australia; University of Surrey, UK) материалдары негізінде дайындалды. Курс аяқталғаннан кейін, қорытынды тестті сәтті тапсырған тыңдаушыларға Coursera сертификаты және арнайы әзірленген 4 фаст-бук (FastBook) алу мүмкіндігі беріледі.