Главная Новости Университетте кеңейтілген Ғылыми кеңес отырысы өтті
1 шілде 2023                  635
Университетте кеңейтілген Ғылыми кеңес отырысы өтті

27 шілдеде Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті Ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Оқу орнының басшылары, кафедра меңгерушілері, құрылымдық бөлімше директорлары, кеңес мүшелері мен профессорлық-оқытушылық құрам қатысқан алқалы жиынның күн тәртібінде негізгі алты мәселе қарастырылды.

Кеңес жұмысын университет ректоры Гүлнәр Сәрсенбекова ашып, «Халықаралық инженерлік-технологиялық универстетінің 2022-2023 оқу жылында атқарған жұмыс есебі мен алдағы негізгі даму бағыттары жайлы есептік баяндамамен бастады. 

 

Университет басшысы баяндамасында елдің өркениеттілігін айқындайтын білім мен ғылымның рөлін көтеру туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев нақты мақсаттарына тоқталып, университеттің Даму бағдарламасын іске асыру мақсатында жүргізілген басты 4 бағыт: Академиялық қызмет; Ғылыми – инновациялық қызмет және халықаралық ынтымақтастық; Әлеуметтік - жастар саясаты; Қаржылық , экономикалық және материалды – теникалық даму бойынша білім бағдарламасына енгізілген өзгерістер жайында баяндады. Сонымен қатар бәсекеге қабілеттілікті арттырып, сапаға жұмыс жасауда жаңа әдістер мен стратегиялардың маңызын жіктеп, жаңа білім беру бағдарламаларының ерекшелігіне тоқталды. 2022-2023 оқу жылында университет Халықаралық сатусқа ие болғандығы, білім беру бағдарламалары нарықта сұранысқа ие болып, «Колледж-Бакалавриат-Магистратура-Докторантура» бойынша жаңа бағдарламалармен толыққандығы, докторантура білім беру бағдарламалары халықаралық аккредиттеуден сәтті өткендігі жайлы айтты.

Студенттердің әлеуметтенуіне, шығармашылық өсуін ұйымдастыруда жүргізілген шаралар жайлы, студенттерінің білім деңгейі мен республикалық спорттық шараларда жеткен жетістіктеріне, болашақты қалыптастыруға қажетті жаңа ұрпақты оқытудағы ғылыми-зерттеу жұмысына, ғалымдардың ғылыми жобаларын баяндап, нәтижелерінің қоғамға әкелетін пайдасы жайлы айтты. Интернациаландыру стартегиясы бойынша жеткен жетістіктерге, 20-дан астам халықаралық жоғары оқу орындарымен байланыстардың кеңейгендігі туралы ақпарат берді. Университетте ұтымды технологияны пайдалану арқасында студенттер саны сандық та, сапалық та жағынан бірнеше есеге өскендігі жайлы айтты. Сондай-ақ биылғы оқу жылында университеттің бітіруші түлектері  алғаш рет Халықаралық инженерлік-технологиялық университеттің ЕРЕКШЕ ҮЛГІСІНДЕГІ дипломымен марапатталатындығын ерекше атап өтті.

Келесі кезекте кафедра меңгерушілері 2022-2023 оқу жылының қорытынды аттестаттау комиссиясының жұмысы туралы айтса, Академиялық мәселелер жқніндегі департамент директоры, Ғылыми кеңестің ғылыми хатшысы Ақтоба Женисова, Ғылыми кеңестің жұмыс жоспарын бекіту туралы баяндады. Сонымен қатар кафедраның, құрылымдық бөлімшелердің 2022-2023 оқу жылындағы оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, халықаралық , әлеуметтік-тәрбиелік қызметінің нәтижелері туралы есеп тыңдалды.

 

Кеңес жұмысын Гүлнәр Сәрсенбекова қорытындылап, күн тәртібінде қарастырылған мәселелер бойынша шығарылған шешімдерді кеңес талқысына салды.