Главная Новости Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жемісті жүргізілуде!
7 тамыз 2023                  958
Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жемісті жүргізілуде!

                 Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің Студенттер үйі

  Адамның дамуында  ақыл,  өнегелі тәрбие, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбымен қатар жақсы университеттік орта мен оқытушы-профессорлар құрамы мен дамыған әлеуметтік инфрақұрылым мен әлеуметтік қолдаудың рөлі зор. 

          Алматы қаласындағы  Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті маман дайындауда техникалық мамандықтарға басымдық беріп бакалавриат-магистратура-PhD барлық сатысы бойынша білікті мамандар дайындап келеді.

         Студенттерге сапалы білім беруде білімалушыларды жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі де басты орынға қойылып, шешілуде.

        Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті  кампусы таза экологиялық аймақта, Алатау тауының етегінде, Ғылыми-зерттеу институттары шоғырланған Академқалашықта орналасқан. Бүгінгі күні жоғары оқу орны өз дамуында кампустық даму моделін күшейтіп келеді. Студент сапалы білім алу, жан-жақты тұлға болуда қызмет ететін, әлеуметтенуде үлкен рөлі бар студенттік, кәсіби, спорттық, шығармашылық  клубтар мен секциялар жұмысы және ғылыми-инновациялық зерттеулермен   қауіпсіз қалашықта  жан-жақты жағдай жасалған. 

       Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті  2018 жылы барлық талаптарға сай келетін заманауи  188 орындық Студенттер үйін пайдалануға берді. Араға бес жыл салып, тағы да  студенттерге арналған 500 орындық жатақхана салу  туралы шешім қабылданып, дайындық жұмыстары басталды.

 

             Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің Студенттер үйі барлық талаптарға сай

        Алматы қаласында тікелей Қазақстан республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жұмыс жасайтын Жобалық офиспен жатақхана құрылысына байланысты мәселелелер кезегімен көтеріліп, шешу жолдары жан-жақты қарастырылуда. 

       Университетімізде 2023-2024 оқу жылына дайындық жаз айларында бір күнге де  тоқтаған жоқ. Студенттер үйінің ағымдағы барлық жөндеу жұмыстары бітуде.  Сонымен қатар қосымша студенттің тұруына ыңғайлы жағдай қарастырылған жаңа хостел, жатақханаларды жалға алу жұмыстары жүргізіліп, 214 орын қосымша дайын.

 

Университет ректоры Гүлнәр Сәрсенбекова бастаған жауапты құрылым қызметкерлері студент тұратын барлық мекен-жайға барып, олардың басшыларымен кездесіп, мәселені жан-жақты қарастырды. Киім ілетін шкафтар, сабаққа дайындалатын кітап оқу бөлмесі, мәдени шаралар өткізетін алаң, ас бөлмесі, қауіпсіздігін қадағалайтын бейнекамералар т.б. мәселелер шешімін тапты.

 

Әрбір студент орналасатын тұрғын жайда университет тарапынан арнайы әкімшілік қызметкері, қауіпсіздік қызметкері және тазалыққа жауапты қызметкер жұмыс жасайды. Студенттерді уақытша тіркеуге алу, жақын емханаға тіркеу, т.б. ұйымдастыру шаралары жоспары толығымен жасалып, студенттер мен ата-аналарға ақпарат арнайы CALL центр арқылы толық берілуде. Халықаралық инженерлік-технологиялық университетімен тығыз қарым-қатынаста студенттерге сапалы білім беру мен қызығы мол студенттік өмірді ұйымдастыру жолында қолдау көрсетіп жатқан әріптестерімізге, үлкен ұжымның жаңа мүшелеріне қолдаулары үшін Алғыс білдіреміз!