Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры Студенттер ҚР Орталық мемлекеттік тарих мұражайына экскурсия жасады
15 қыркүйек 2023                  739
Студенттер ҚР Орталық мемлекеттік тарих мұражайына экскурсия жасады

15-ші қыркүйек күні Халықаралық инжерерлік-технологиялық университеттің бірінші курс студенттері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде экскурсияда болды. Экспозициялық материалдар музейдің негізгі бағытын, саласын, ерекшелігін көрсетеді. Түрлі мазмұндағы коллекциялар Жер бетінде тіршіліктің пайда болуынан бастап, ежелгі жануарлар мен өсімдіктердің таралуы мен жер бетінен жойылуы, адамдардың алғашқы іздері, тайпалық одақтар мен мемлекеттердің құрылуы, көшпелі және қала мәдениетінің өзара ықпалдастығы, өзара соғыстар мен халықтардың жаппай қоныстануы және ХХ-ХХІ ғ. дейінгі Қазақстанның сан ғасырлық тарихын көрсетеді. Студенттерге музейдің гидтері  Қазақстанның ежелгі заманынан қазіргі кезеңге дейінгі тарихынан толық мағлұмат беретін тұрақты залдарын аралатып, экскурсия жасады. Зал экспозицияларын аралау барысында студенттерге, тас ғасыры, қола дәуірі, ерте темір ғасыры, хун-сармат дәуірі, орта ғасырлар және Қазақстан аумағын ежелден XV ғасырға дейін мекендеп келген тайпалардың тарихы, экономикасы, діни көзқарасы, көркем қолөнері, сәулет өнері таныстырылды. Сонымен қатар, ХҮ ғасырдан ХХ ғасырдың басына дейінгі Қазақстан тарихына арналған тарихи этнография залын аралау барысында, білім алушылар қазақтардың дәстүрлі мәдениеті, шаруашылық және тұрмыстық салтына, рухани мәдениетіне арналған экспозициялармен танысып, қазақ қоғамының негізгі сипаттары мен  көшпелілердің  мәдени дәстүрлерінің өзіндік ерекшеліктері туралы мағлұмат алды. Залдан орын алған этнографиялық материалдар қазақ халқының сан ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмысы мен дүниетанымдық көзқарастарынан, бай рухани және материалдық мәдениетінен сыр шертеді. Бұл залда Қазақ хандығының құрылуы, мемлекеттіліктің құрылуы мен дамуы, жоңғарларға қарсы күрес, қазақ жерінің Ресей құрамына кіруі сияқты кезеңдерді тарихи көрнектермен баяндайтын экспозициялар орын алған. Студенттеріміз «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында және диаспоралар мәдениеті», «Тәуелсіз Қазақстан» залдарын аралап экспозициялармен танысып, естелік суретке түсіп, музей туралы жақсы әсер алды.