Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры Ауылшаруашылығы өнімдерінің экспортын ілгерілету мәселелері қаралды
9 қазан 2023                  707
Ауылшаруашылығы өнімдерінің экспортын ілгерілету мәселелері қаралды

2023 жылдың 8 қазанында Алматыда Орталық Азия жұмыс тобының VII өңірлік кездесуі өтті.
Хан-Тенгри холлда орын алған кездесуде «Ауылшаруашылығы өнімдерінің экспортын ілгерілету бойынша» семинар ұйымдастырылды.
Аталған семинарда Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті «Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы» кафедрасының оқытушысы, техника ғылымдарының магистрі А.Т. Таутаева және қауымдастырылған профессор, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты С.Ж. Казыбаева қатысты.
Бұл жиында ауылшаруашылығы өнімдерінің экспортын ілгерілету бойынша тың бастамалар мен жаңа ұсыныстар айтылды. Кафедра оқытушылары  жаңа идеяларға қанығып қайтты.