Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры МИТУ студенттері «Student Energy Challenge» инновациялық идеялар байқауының сертификаттарын иеленді
10 қазан 2023                  813
МИТУ студенттері «Student Energy Challenge» инновациялық идеялар байқауының сертификаттарын иеленді

2023 жылдың 5 қазанында Астана қаласында “KAZENERGY” қауымдастығы және «Shell Kazakhstan» компаниясы бірлесе ұйымдастырған «Student Energy Challenge» инновациялық идеялар байқауының XV Еуразиялық энергетикалық форумы өтті.
Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті студенттерінен құралған «Дарын» және «Алға» топтары форумға қатысып, өздерінің ұтымды идеяларымен бөлісті. Ерекше айта кететіні, ХИТУ студенттері форумның финалына жетіп, үздік 15 команданың арасынан табылды. 
Үлкен додаға қатысып бақ сынаған университеттің дарынды студенттеріне қолдау білдірген  Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің ректоры Гүлнәр Сәрсенбекова жастармен байқауға бірге барып, үлкен жанкүйерлік танытты. 
Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті студенттерінің жобаларына  PhD доктор, қауымдастырылған профессор Ж.С. Байзакова жетекшілік етті. Нәтижесінде «Student Energy Challenge» инновациялық идеялар байқауының XV Еуразиялық энергетикалық форумында Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті студенттері инновациялық-интелектуалды идеяларын ұсынғаны үшін арнайы сертификаттармен марапатталды.