Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры Туризм саласының болашақ мамандары кәсіби мерекелерін атап өтті
29 қыркүйек 2023                  659
Туризм саласының болашақ мамандары кәсіби мерекелерін атап өтті

29 қыркүйек күні Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде «Халықаралық туризм күніне» орай «Экономика және бизнес» кафедрасының «Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттердің ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтті.

Аталған іс-шараға «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры, қазақстандық туристік қауымдастықтың төрағасы, қазақстандық қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығының президенті Шайкенова Рашида Рашидқызы және Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің Стратегиялық даму, ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Каруна Оксана Леонидовна қатысып, жылы лебіздерін білдірді.

Қазақстандық туристік қауымдастықтың төрағасы Рашида Шайкенова туризм саласын дамыту, осы саладағы мамандықтың қыр-сыры туралы баяндап, туризм саласының болашақ мамандарына тәжірибе-кеңестерін жеткізді. Еліміздің туризм саласын дамыту маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті.