Главная Новости «Ұстаздар күні» мерекесіне орай тимбилдинг өтті
11 қазан 2023                  812
«Ұстаздар күні» мерекесіне орай тимбилдинг өтті

«Ұстаздар күні» мерекесіне орай Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің 100-ден аса қызметкері мен оқытушыларына арналып тимбилдинг өтті. Оқытушылар мен қызметкерлер табиғат аясында ұйымдастырылған спорттық және логиқалық ойындарға белсене қатысты. Арқан тартудан, волейболдан жарыстар өтіп ұжымдық рух көрініс тапты. Ұстаз деген әр қырлы келетінін осы тимбилдинг дәлелдей түскендей. Тимбилдингке қатысқан университеттің әр мүшесі би жарысында мың бұрала билесе, өлең жарыста шырқата ән салды. Тағы бір ерекшелігі бұл күні қызметкерлер мен оқытушылардың балалары да мерекеден құр қалмады. Ұстаздар күні университеттегі әріптестердің балаларына да жоғары көңіл күй сыйлап, қуантып қойды. 
Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің ректоры Гүлнәр Сәрсенбекова білім ордасының құрылтайшылары атынан барлық әріптестерін құттықтап, жылы лебізін жеткізді. «Құрметті әріптестер! Барлықтарыңызды университетіміздің құрылтайшылары атынан Ұстаздар күнімен құттықтауға және бүгін уақыт бөліп, осындай кешімізге жиналғандарыңызға үлкен алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер», - деді университет басшысы. 
Барлық жиналған қауым жайылған дастарханда бас қосып, таза ауада арқа-жарқа болды. Табиғат аясында естелік суреттерге түсіп, естен кетпес қызықты сәттер орнады. 
Өз кезегінде кафедра оқытушылары, ғалымдары, профессорлар, қызметкерлер өздерінің жүрекжарды тілектерін, осындай ұжымдық бірлік- берекені арттыратын іс-шаралар ұйымдастырып отырған университет басшылығына алғыстарын айтты. 
Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің ректоры Гүлнәр Сәрсенбекова оқытушылар мен қызметкерлерді дипломдармен марапаттады. Жиналған қауымға мерекелік сыйлықтар табыс етілді
Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің ұжымы бір кісідей флешмобқа қатысып, жоғары көңіл күймен тарасты.