Главная Новости Халықаралық инженерлік-технологиялық университет ректоры IAAR форумына қатысты
12 қазан 2023                  632
Халықаралық инженерлік-технологиялық университет ректоры IAAR форумына қатысты

6-7 қазан күндері Астана қаласында «Білім берудің тұрақты болашағы – сапа және бәсекеге қабілеттілік: тарихи көзқарас, бүгінгі жағдайы мен басымдықтары» білім сапасын қамтамасыз ету бойынша VII Орталық Азия Халықаралық Форумы өтті. 
Білім сапасын қамтамасыз етудің ішкі және сыртқы жүйесін дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға, шетелдік білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты кеңейтуге, академиялық қоғамдастық пен халықаралық еңбек нарығының сапа мәдениетін және сындарлы өзара әрекеттестігін одан әрі дамытуға бағытталған дәстүрлі IAAR форумына Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің ректоры Гүлнәр Сәрсенбекова қатысты.
Форум жұмысында Қазақстан, Бельгия, Үндістан, Малайзия, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Молдова, Армения және басқа мемлекеттік органдарының, жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша халықаралық желілердің өкілдері, жоғары оқу орындарының басшылары бас қосты.
Халықаралық форумда: Білім беру жүйесінің дамуындағы жаһандық сын-қатерлер мен тенденциялар, Цифрлық трансформация жағдайында ғылыми және білім беру модельдері мен технологияларын дамыту; Медициналық білім беру сапасын қамтамасыз ету: ғылым мен тәжірибенің интеграциясы аясындағы негізгі мәселелер талқыланды.
Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің ректоры білім сапасын қамтамасыз ету бойынша өткен халықаралық форумда айтылған өзекті сұрақтар университеттің академиялық саясатында негізгі бағыттарының бірі болатынын айтты. Университет басшысы халықаралық дәрежеде айтылған ұсыныстар мен басымдықтарға назар аударып, алдағы уақытта сол тәжірибелер білім сапасын арттыру жұмыстарында кеңінен қолданыла түсетінін жеткізді.