Главная Новости «Жаныңда жүр жақсы адам» айдары
10 қазан 2023                  619
«Жаныңда жүр жақсы адам» айдары

Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің ғылыми кітапханасында тағылымды кездесулер тұрақты өтіп тұрады. Бұл жолы «Жаныңда жүр жақсы адам» айдарында өткен кездесудің тәрбиелік мәні зор болды. 
Кездесуде білім ордасының ғалымы, қауымдастырылған профессор, химия ғылымдарының кандидаты Мұздыбаева Шәрбану Аққазықызы студент жастармен рухани әңгімелесіп, өмірлік тәжірибесімен, тәрбиелік ақыл-кеңестерімен бөлісті. 
Кештің сыйлы қонағының әңгімелерін студенттер қызыға бар ынтамен тыңдады. Олар өздерінің сауалдарын жолдап, ұстаз бен шәкірт арасында ашық-жарқын диалог өрбіді. Білімгерлер ұстаздарын түрлі қырынан танып, үлкен үлгі алды. 
Ұстаз өзінің жүріп өткен еңбек жолымен, өмір белестерімен және жеткен жетістіктерімен бөлісті. Студент жастарға терең білім алып, өмірден өз орындарын табуларына айқын бағыт-бағдар нұсқады. Кездесуге жиналған шәкірттеріне ақ батасын берді.
Кеш соңы студенттер хорының орындауында  «Ұстазым» әнімен ұласып, жиналғандар керемет көңіл күймен, қимастықпен тарасты.