Главная Новости Студенттердің құқықтық сауатты болуы маңызды
13 қазан 2023                  579
Студенттердің құқықтық сауатты болуы маңызды

13 қазанда Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылыққа жол бермеу мақсатында семинар өтті.
Ғылыми кітапхананың мәжіліс-залында ұйымдастырылған үлкен жиында Алматы қаласы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері студенттерге құқықтық сауаттылықты арттыру және құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша ақпараттар жеткізіп, кеңестер берді.
Полиция қызметкерлері жасөспірімдер мен жастар арасында нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу шаралары бойынша кеңінен талқылады. Бұл семинарды ұрпақ тәрбиесіне ұстаз бен ата-ана ғана емес құқық, тәртіп саласы мамандарының да зор жауапкершілігінің көрінісі десек болады. 
Семинарға Алматы қаласы Полиция Департаменті, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Көбеев Дәурен Асқарұлы модераторлық етті.
Жастарға тек білім беріліп қана қоймай, идеологиялық тәрбие, тәртіп пен талап қатар өрбігенде интеллектуалды мамандар даярланып шығары анық. Осы орайда университетте оқып жатқан студенттерге арнайы өткізілген мұндай құқық саласындағы семинарлардың берері мол.