Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана студент кезден қалыптасуы керек
17 қазан 2023                  936
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана студент кезден қалыптасуы керек

Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің оқу үдерісіне өткен оқу жылынан бастап «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» атты жаңа пән енгізілді.
Пәнді Алматы облысы Қарасай аудандық сотының судьясы Ардақ Бауыржанқызы Ахметова жүргізеді. Сыбайлас жемқорлық – еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Бұл қауіптің алдын алу, түбірімен жою ұлт алдындағы үлкен сын.
Сабақ барысында болашақ мамандар еңбек жолындағы адалдық, кәсіби әділдік ұстанымдарын үйренеді. 
Оқу бағдарламасы аясында студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет сияқты ұғымдармен танысуы үлкен маңызға ие. Бүгіннен бастап болашақ мамандар сыбайлас жемқорлық және онымен байланысты құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершіліктің түрлерін меңгеріп, жемқорлық атты теріс ұғымнан бойларын аулақ ұстауға дағдыланады.      
          «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәні барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, рухани-этикалық аспектілердің кеңінен қарастырылуы сапалы да сауатты кадрлар даярлауға үлкен жол ашады.