Главная Кафедры Инженериядағы smart технологиялар Новости кафедры "Python тілінде бағдарламалау. Функциялар" тақырыбында ашық сабақ өтті
26 қыркүйек 2023                  445
"Python тілінде бағдарламалау. Функциялар" тақырыбында ашық сабақ өтті

26 қыркүйекте "Бағдарламалық инженерия" кафедрасының лекторы, техника ғылымдарының магистрі Тұрсынхан Айнұр Мақсатқызы, "Python тілінде бағдарламалау. Функциялар» тақырыбында 1 курс студенттеріне арналған "Алгоритмдеу және бағдарламалау" пәнінен ашық сабақ өтті.

Ашық сабақтың мақсаты - Python бағдарламалауында қолданылатын негізгі пайдаланушы функцияларымен танысу және олардың жазу форматтарын түсіндіру; компоненттердің функцияларын қолдана отырып мысалдарды қарастыру болды. Мұғалім сабақ барысында топ студенттерінің білім деңгейіне сәйкес дифференциалды тәсілді кеңінен қолданды. Ашық сабаққа "Бағдарламалық инженерия" кафедрасының лекторы Л.К. Демеубаева, М.С. Әлиасқар қатысып, өзара тәжірибе алмасты.