Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры «XIII – XV ғасырлардағы Ұлы дала» тақырыбында ашық сабақ өтті
29 қыркүйек 2023                  360
«XIII – XV ғасырлардағы Ұлы дала» тақырыбында ашық сабақ өтті

29 қыркүйек күні тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ж.Е. Жаппасов «XIII – XV ғасырлардағы Ұлы дала» тақырыбында Қазақстан тарихы пәні бойынша 1 курс студенттеріне ашық дәріс өтті. Дәріске кафедраның профессорлар-оқытушы құрамы және университет әкімшілігі қатысты. Дәрістің мақсаты студенттерге жазба деректер мен ғылыми зерттеулер негізінде XIII – XV ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы саяси жағдайлармен таныстыру болатын. Монғол шапқыншылығы, ұлыстардың құрылуы, Алтын Орда дәуіріндегі  саяси, этникалық, жеке тұлғалар тарихы мәселелері, XIV-XV ғғ. Қазақстан аумағындағы мемлекеттік құрылымдар тарихының мәселелері жазба деректер негізінде қарастырылды. Дәріс барысында студенттер сұрақтар қойып, жауап беріп, белсенділік танытып отырды. Дәріскер тақырыпқа қатысты жазба деректер мен арнаулы зерттеулер, оқулықтар негізінде кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.