Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры «Эконометрика» пәні бойынша ашық сабақ өтті
29 қыркүйек 2023                  375
«Эконометрика» пәні бойынша ашық сабақ өтті

2023 жылғы 28 қыркүйекте "Экономика және бизнес" кафедрасының қауымдастырылған профессоры Дильдебаева Жулдуз Турсуновна «Эконометрика» пәні бойынша «Сызықтық көптік регрессия (КСР), көптік регрессия моделін құру, мультиколлинеарлықтың: себептері мен салдары» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Ашық сабақтың мақсаты - оқу-тәрбие үдерісінің озық нысандары мен әдістерін көрсету және тәжірибе алмасу, оқыту құралдарын пайдаланудың дидактикалық тиімділігін талдау, ғылыми ұйымдастыру тәсілдерін жалпылау және оқу үдерісінің сапасын бақылау.

Ашық сабаққа кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, университет департаменттерінің басшылары және УжА-21-1к, Қаржы-21-1к оқу топтарының студенттері қатысты.