Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры Валютаны меңгеру —қаржылық табысқа жетелейді
15 қараша 2023                  577
Валютаны меңгеру —қаржылық табысқа жетелейді

2023 жылғы 15 қарашада «Экономика және бизнес» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Г. А. Садырова ұлттық валюта күніне және Қазақстан Республикасы Қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған ашық эдвайзерлік сағат өткізді. Студенттер ұлттық валюта - теңгенің пайда болуы, әлемдік валюталардың тарихы, Қазақстан мен шет елдердің қаржы жүйесі туралы қызықты презентациялар дайындады. Студенттер викториналарға, байқауларға және ойындарға үлкен қызығушылықпен қатысты.
Іс-шара университет студенттері үшін өте қызықты және танымды деңгейде өтті.  Кафедраның оқытушы-ппофессорлар құрамы студенттерге оқуда сәттілік,табыс тіледі.