Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры «Экономика және шағын және орта бизнесті ұйымдастыру» тақырыбында ашық сабақ өтті
31 қазан 2023                  570
«Экономика және шағын және орта бизнесті ұйымдастыру» тақырыбында ашық сабақ өтті

2023 жылғы 31 қазанда «Экономика және бизнес» кафедрасының лекторы Демеуова Гулия Бакеновна «Экономика және шағын және орта бизнесті ұйымдастыру» пәні бойынша «Кәсіпорындағы еңбекке ақы төлеу» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Ашық сабатың мақсаты оқу-тәрбие процесінің озық нысандары мен әдістерін көрсету, оқыту құралдарын пайдаланудың дидактикалық тиімділігін талдау, ғылыми ұйымдастыру тәсілдерін жалпылау және оқу процесінің сапасын бақылау болып табылады.

Ашық сабаққа кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, университет департаменттерінің басшылары және Фин-21-1к, УиА-21-1к, Мар-21-1к, Тур-21-1к оқу топтарының студенттері қатысты.