Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры Инновациялық жобаның тиімділігі мен құнын бағалау
9 қараша 2023                  565
Инновациялық жобаның тиімділігі мен құнын бағалау

2023 жылғы 9 қарашада «Экономика және бизнес» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Тлеужанова Манатжан Ашимкуловна «Инновациялық экономика» пәні бойынша «Инновациялық жобаның тиімділігі мен құнын бағалау» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Ашық сабақтың мақсаты - тәжірибе алмасу және оқу-тәрбие процесінің озық нысандары мен әдістерін көрсету, студенттерге инновациялық жобалардың тиімділігі мен құнының әдістерін баяндау. NPV,IRR,PV есептеу формуласын инновациялық процесс үшін қолданудың экономикалық мәнін анықтау.

Ашық сабаққа кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, университет департаменттерінің басшылары және УиА-21-1к, Фин-21-1к оқу топтарының студенттері қатысты.