Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры Бірінші сыра зауытында дәріс өтті
16 қараша 2023                  640
Бірінші сыра зауытында дәріс өтті

2023 жылғы 15 қарашада «Экономика және бизнес» кафедрасының лекторы Г.Т. Шахманованың жетекшілігімен Тур-21-1к, Мар-22-1к тобының студенттеріне өндірістік үдеріспен таныстыру мақсатында «Первый пивзавод» ЖШС-де кәсіпорынында дәріс ұйымдастырылды.

Кәсіпорырдағы дәріс «Шағын және орта бизнес менеджменті» пәні аясында өткізілді, ол студенттерге зауыт бойынша экскурсия жасауға мүмкіндік берді, "Бірінші сыра зауыты" ЖШС өкілі Алексей Курапов (PR - жетекшісі) логистикалық қызметтің ерекшелігі, өндірістік процестің ерекшеліктері туралы кәсіпорынның құрылу тарихы мен даму стратегиясын таныстырды және кәсіпорынның аумағы мен бөлімшелері бойынша экскурсия өткізді.

Көшпелі дәріс студенттерге тәжірибе оқу процесінен қол үзбей нақты өндірістік процеспен танысуға мүмкіндік берді