Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры Халықаралық маркетологтар күні
27 қазан 2023                  544
Халықаралық маркетологтар күні

Маркетолог - бұл компанияның сатылымы мен жалпы кірісін арттыру үшін өнімдер мен қызметтерді жылжыту стратегиясын жасайтын маман. Ол үшін маркетолог тұтыну нарығын зерттейді, трендтерді бақылайды, жарнамалық кампанияларды құруға қатысады. Маркетолог мақсатты аудиторияның портретін жасайды, бәсекелестердің стратегияларын талдайды және тұтынушылармен байланыс стратегиясын ойластырады — бұл сайып келгенде сатылымға әкеледі.

«Халықаралық маркетологтар күніне» орай «Экономика және бизнес» кафедрасы ХИТУ студенттері арасында «Ең үздік маркетолог-2023» байқауын ұйымдастырды, онда студенттер өздерінің креативтілігін, шығармашылығын және кейстердің көмегімен маркетингтік міндеттерді шешу қабілетін көрсетті. Қазылар алқасының шешімі бойынша «Ең үздік маркетолог-2023» кубогының жеңімпазы – 3 курс студенті Давлетхан Нұрай Еркебұланқызы анықталды, қалған барлық қатысушылар түрлі номинациялармен марапатталды және конкурсқа белсенді қатысқаны үшін сыйлықтарға ие болды.