Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры Тарихшы ғалым студенттермен кездесті
23 қазан 2023                  523
Тарихшы ғалым студенттермен кездесті

23 қазан күні  Республика күніне орай МИТУ-да Қазақстан Республикасы  Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Арал ауданының құрметті азаматы», Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих факультеті, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Кәрібаев Берекет Бақытжанұлымен кездесу кеші өтті. Әңгіме барысында Берекет Бақытжанұлы былтыр 2022 жылы күнтізбеге ұлттық мереке ретінде қайтарылған Республика күні биыл екінші мәрте елімізде кең көлемде аталып жатқанын сөзге тиек ете отырып, Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның маңызы мен мәні, ұлттық мерекенің ел өмірін­­д­егі орны жайында баяндады. 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы кеңе­сінің отырысында Қазақ КСР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның жобасы әрбір бап бойынша талқыланып, әр бап жекелей дауыс беру арқылы шешілгендігі туралы және сол жердегі ұлтжанды қазақ зиялыларының ұмытылмас еңбектері жәйлы айта отырып, көпшілік дауыс­пен декларация қабылданғанын сөз етті. Кездесу барысында студенттер тарихымызға терең бойлап, қызу пікір талас орнатты. Соңында естелік суретке түсіп, академик Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы қазақ хандығының тарихына қатысты өзінің монографиялары мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Қазақстан тарихы кафедрасы ұжымы дайындаған оқулықтарын МИТУ ғылыми кітапханасына сый реттінде тарту жасады. Кездесу студенттерді болашаққа деген сенімге, ерлікке, отансүйгіштікке баулып, жалынды рух сыйлағаны анық.